Көптен күткен баспана қуанышы күтпеген мәселемен қатар келді. Қарағандыда балалар үйінен шыққан жастарға қалалық әкімдік жалға берілетін пәтер кілтін табыстаған. Қуаныш ұзаққа созылмай, бұрынғы тұрғындардан қалған 300 мың теңге берешек анықталды. Қазір көпбалалы отбасы өзіне қатысы жоқ қарызды өтеуден бас тартып, әділдік іздеуде.