Қарағандыда жылыту маусымы аяқталып, энергетиктер ауқымды жөндеу науқанына кірісті. Сондай-ақ өңірдегі маңызды жобалардың бірі – №3ші жылу электр орталығын кеңейту жұмыстары. Бұл станцияның қуатын арттырып, қаланы жылу және электр энергиясымен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жұмыс барысын облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тексерді.