Қарағанды облысында қаңғыбас иттер санын реттеу бағдарламасы, яғни -аулау, зарарсыздандыру, вакцинациялау іске қосылды. Бұл туралы үй жануарларын қорғаушылар мәлімдеді. Өңірдің қоғамдық кеңесі бір күн бұрын қалалық ветстанцияның балансында көрсетілген уақытша ұстау пунктін тексерді.Онда бос тұрған қоршаулардың бары анықталды.