Қарағандыда студенттер арасында дәстүрлі облыстық «Серік Ақсұңқарұлы оқулары» өтті. Шара Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері Серік Ақсұңқарұлының шығармашылығына арналды. Жастар ақын өлеңдерін оқып, өз өнерлерін көрсетті.