Қарағандыда кәсіпкерлермен диалог жаңа деңгейге көтерілуде. Өңірге жұмыс сапарымен "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқа төрағасы Қанат Шарлапаев келді.Ол облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен бірге кәсіпкерлермен кездесті. Тараптар негізгі реформалар, маңызды мәселелер және нақты шешімдерді талқылады.