Аңызға айналған «Superstar KZ» жобасы қайта эфирге оралмақ. Жоба жаңа поп-супержұлдызын танытпақ. Араға 20 жыл салып, жоба жаңа маусымымен көрерменге жол тартады. Бұл тек өткеннің жарқын сәттерін еске алу емес, сонымен бірге жаңа есімдерді, ерекше дауыс иелерін, жарқын жұлдыздарды танытуға жаңа мүмкіндіктер береді.