Облыс орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған аймақтық жастар форумы өтті. TEDx форматындағы басқосуда әділ қоғамды қалыптастырудағы жастардың рөлі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді әдістері түсіндірілді.