Биыл қиырдағы қазақтардың атажұртқа алғаш қадам басқанына 35 жыл. Атаулы датаға орай Е.А.Бөкетов атындағы ұлттық зерттеу университетінде «Елге ел қосылса – құт» атты республикалық мәдени-танымдық кездесуі өтті. Бұл бастама Отанына оралған қандастардың рухани байланысын бекемдеуге бағытталған.