Бірлік пен келісім – Қазақстан қоғамының басты құндылықтары. Тарихи қалыптасқан этномәдени әралуандылық еліміздің ерекшелігі ғана емес, стратегиялық артықшылығы болып саналады. Бүгінде мемлекеттік саясат барлық азаматтар үшін тең мүмкіндіктер жасап, ұлтаралық диалогты нығайтуға бағытталған.