Ата заң –бабалар аманаты. Яғни, кешегі Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысымен» еліміздің Конституциясында сабақтастық бар. Бұл тарихшы Нұртас Смағұловтың пікірі. Ол Конституцияның өзгеріп жаңартылуы жаһан дамуына ілесудің төте жолы деп пайымдайды.