Қарағанды облысы мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша республикада жетекші орынға шықты. Қоғамдық мониторинг қорытындысы тұрғындардың қызметтердің қолжетімділігі мен тиімділігін жоғары бағалайтынын көрсетті. Зерттеу Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүргізілді. Қол жеткізілген нәтижелер облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте жария етілді.