Қарағандыда №18 жалпы білім беретін мектепте жаңа форматтағы жарыс ұйымдастырылды. Аталған сайыста оқушылар шаңғыдан аламанға түсіп, тек дене дайындығын ғана емес, білім деңгейін де сынады. Игі бастаманың мақсаты жасөспірімдерге салауатты өмір салтын насихаттау.