М.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында «Кітап. Ой. Диалог» атты BookTalk форматындағы кездесу өтті. Спикер Kitapal Club негізін қалаушы, Kitapal әлеуметтік жобасының жетекшісі Данияр Жігітбек. Кездесуге «Жыр-Жауһар» әдеби-поэзиялық үйірмесінің жас мүшелері, кітапхана оқырмандары және Kitapal Club-тың әлеуметтік желідегі белсенді қолданушылары қатысты.