Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде “Адал азамат” бағдарламасы аясында “Адал азамат – елдің шамшырағы” атты кездесу кеші өтті. Шараға Қазақстан Республикасының әлеуметтік осал топтардың құқықтары жөніндегі уәкілі, Парламент Мәжілісінің депутаты Кенжеғұл Сейтжан қатысып, студенттермен адалдық құндылықтары төңірегінде ой бөлісті.