Приозерск қаласы әкімінің орынбасары әдеп нормасын бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Әлеуметтік желіде тараған дауыстық хабарлама қоғамда резонанс тудырды. Айтуынша, бұл аудиожазба қателесіп қала тұрғынына жіберілген-мыс. Оқиғаға байланысты шенеуніктің ісі Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қаралып, тәртіптік шара қолдану мәселесі талқыланды.