Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, публицист, «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторы Ерсін Мұсабектің «Сұңқардың көз жасы» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті. Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен рухани кешке ақын-жазушылар, журналистер, мәдениет және қоғам қайраткерлері, студенттер жиналды.