Қарағандыда «Сенім алаңы» атты жастар фестивалі өтті. Мерекелік шараны Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Алаң ерекше қажеттіліктері бар жастарды қолдауға бағытталған ашық диалог пен практикалық жұмыстың орталығына айналды.