"Бізбен бірге бол" интеграциялық орталығы жанындағы жаңа арт-кафе келушілерге есігін айқара ашты.Әлеуметтік кәсіпкерлік жобасы мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру мақсатында жүзеге асырылды.Оның жұмысымен қоғамдық кеңесінің мүшелері және облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары танысты.Қонақтардың құрметіне экскурсия жүргізілді.Олардың назарына жергілікті өнімдер ұсынылды.