Қарағанды қаласында жергілікті мейрамханалардың бірі той өткіземін деген тұрғындарды тақырға отырғызды.Осылайша оннан астам адам адам ақшасынан айрылды.Тіпті мейрамхана иесі азаматтарға арзан банкет пен тегін фотоаймақ пен жеңілдіктер мен бонустар жасалады деп құрғақ уәде берген.Алайда той –думанның өтетін кезде есіктерге қара құлып салынды. Соқыр сенімге арбалып, сан соғып қалған жәбірленушілердің жанайқайын әріптесім Жанбота Рахметуллаұлы тыңдап қайтты.