Қарағанды қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларымен бірлескен отырысы өтті. Онда атқарушы органдардың депутаттардың сауалдарын уақытылы қарау мәселелері талқыланды. Отырысты заңдылық және адам құқықтары жөніндегі тұрақты комиссияның жетекшісі Равиль Садықов пен қала мәслихатының төрағасы Алтынтөре Бөкенов жүргізді.