Қарағандыда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту қазірше артта қалып отыр. Бұл туралы Астанадан келген мамандар дөңгелек үстел барысында баяндады. Іс-шарада қатысушылар мұндай жобалардың жаңа жұмыс орындарын құруға, осал топтарды қолдауға және өңірлердің тұрақты дамуына қалай ықпал ететіні туралы пікір алмасты.