Өрт көбінесе түнгі уақытта шығады. Биыл қазан мен қараша айларында республикалық өрт қауіпсіздігі айлығы белсенді түрде өтуде. Осыған байланысты мобильді топ құрылып, ТЖД қызметкерлері мен полиция өкілдері Курьяновка кентіндегі үйлерге барды. Пештердің жағдайы тексеріліп, улы газға қарсы датчиктер орнатылды.