Қарағандыда «Шетсіз қала» бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Әлихан Бөкейхан атындағы ауданда аулалар мен гүлзарлар жаңартылып, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптасуда. Биыл «Халық қатысатын бюджет» шеңберінде жергілікті тұрғындар бастамашы болған 43 жоба іске асырылды. Атқарылған жұмыстармен облыс басшысы Ермағанбет Бөлекпаев танысты.