Қарағандыда Қаныш Сәтпаев каналы үшін ауыз су тарифін текше метріне 150 теңгеге дейін көтеру мүмкіндігі талқылануда. Мұны мамандар жаңа су кодексіне және субсидиялау ережелеріне енгізілген өзгерістермен байланыстыруда. Бұл мәселе облыс әкімінің орынбасарлары Ермек Алпысов пен Руслан Кенжебеков қатысқан облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында талқыланды.