Дәстүрлі «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы биыл алғаш рет облыстық деңгейде өтіп отыр. Жеңімпаздарға Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті грант ұсынса, жетекшілеріне «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы автокөлік табыстауды көздеп отыр. Ол үшін үміткерлер «Бөгенбай батыр» жырын жатқа айтып бақ сынауы керек. Қарағандылық оқушылар қазір тығыз дайындық үстінде.