Жаңаарқа ауданының Бидайық ауылдық округінің 69-разъезі тұрғындары толығымен ауыз сумен қамтамасыз етілді.Бұл прокуратура органдарының мемлекетке қайтарған активтері есебінен салынды. Жобаны іске асыру барысында жалпы ұзындығы 5,6 шақырым болатын су құбыры желілері тартылып, қажетті инженерлік инфрақұрылым толықтай жаңадан орнатылды.