Интернет-алаяқтар күн сайын алаяқтықтың жаңа тәсілдерін ойлап табуда.Олар қоңырау шалады, хабарлама жібереді, өзін банк қызметкері, тіпті туысы ретінде таныстыру арқылы ойларын жүзеге асырады. Полицияның мәлімдеуінше, алдын алу шаралары күшейтілгенімен, онлайн қылмыскерлердің тәсілдері де үздіксіз жаңарып отыр.