Қарағандыда жаңа кәріз коллекторын салу басталды. Ол саяжай жер телімдері жанынан және Федоров су қоймасының су қорғау аймағына жақын жерден өтеді. Жер иелері өз учаскелерінің бұзылғанын айтып, наразылық білдіруде. Ал экологтар төтенше жағдай режимін «жұмысты жылдамдату үшін сылтау ретінде қолданды» деп санайды. Себебі бұл арқылы әдеттегі келісім рәсімдерін айналып өтуге болады.