Қарқаралы ауданы Қарабұлақ ауылына баратын жол 2 жыл бұрын ғана жөнделген. Бүгінде миллиардқа жуық қаржы жұмсалған асфальт халықтың көз алдында үгіліп жатыр. Ал мердігер компания банкроттық тізімге енгізілген деседі. Бұған кім жауап береді? Елордалық журналистер қойған осы және өзге де сұрақтарға өңір басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында жауап берді.