Кеншілер мәдениет сарайы сахнасында италияндық режиссер Моника Казадейдің «Опера Пуччини. Әйел дауыстары» атты спектаклі сахналанады. Қойылым көрсетілімі Италия мәдениет Министрлігінің, Италияның Қазақстандағы Елшілігінің және Италияның Алматы мәдениет институтының қолдауымен ұйымдастырылады.