Орман шаруашылығы саласының қызметкерлері жаңа ғимаратқа қоныстанды. Жайлы әрі кең қос қабатты нысанның ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары, облыстық мәслихаттың төрағасы, сала ардагерлері мен қызметкерлер қатысты. Біздің түсірілім тобы да қуанышты сәттің куәсі болып қайтты.