Қазір кибералаяқтық – Қазақстандағы ең кең тараған қылмыстардың бірі болып отыр. Көбіне егде жастағы азаматтар мен жасөспірімдер оның құрбанына айналуда. Қарағандыда оның алдын алу мәселелеріне арналған брифинг өтті. Полицейлер қылмыскерлердің жиі қолданатын тәсілдері туралы еске салып, олардан қалай қорғану керектігін түсіндірді.