Кеңес Одағының Батыры, қазақ халқының қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл. Оқушылар сарайында мерекелік кеш өтті. Оған соғыс және спорт ардагерлері, қаланың құрметті азаматтары мен облыстық маслихат депутаттары қатысты. Шараны Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжінің ұжымы ұйымдастырды.