Отар әскери бөлімінен 30 сарбаз Отан алдындағы борышын өтеп келді. Оларды Қарағанды теміржол вокзалында салтанатты түрде қарсы алды. Ата-аналары, туыстары мен достары жиналып, азаматтарға құрмет көрсетті.