Қазақстандық студенттер әлемнің ең үздік университеттерінің бірінде білім алу мүмкіндігіне ие болды. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде АҚШ-тың Duke университетінің магистратурасына түсу туралы ақпарат берілді. Бағдарлама Берік пен Баян Қаниевтердің қайырымдылық қорының қолдауымен жүзеге асырылады.