Көкпекті ауылында жаңа ветеринариялық пункт ашылды. Енді мұнда вакциналарды сақтау үшін арнайы тоңазытқыш камералар, жануарларды қарап, емдеуге арналған барлық қажетті жағдай жасалған. Республика күні қарсаңында іске қосылған орталық ауыл шаруашылығының дамуына және ветеринариялық қызметтердің ауыл тұрғындарына қолжетімді болуына зор үлес қосады.