Қарағанды облысында бағаны тұрақтандыру үшін қоймаларда 384 тонна азық-түлік сақтаулы. Қант, күнбағыс майы, жарма және ұн бағалар көтерілген жағдайда дүкендерге жеткізіледі. Қалада фермерлер өнімін тікелей делдалсыз сататын әлеуметтік павильон ашылды. Мұнда ет, сүт өнімдері, көкөніс және жұмыртқа нарық бағасынан төмен сатылады.