Мұғалімдер күніне орай №19 жалпы білім беретін мектепте педагогика саласының ардагерлерін құрметтеу кеші ұйымдастырылды. Ардагер ұстаздарға арналған мерекелік бағдарлама ұсынылып, жас ұрпақ тәрбиесі мен білім саласына қосқан еңбегі ерекше атап өтілді.