Қарағандыда туризмді заманауи технологиялар арқылы дамытуға арналған брифинг өтті. Жиында қатысушылар жасанды интеллект, деректерді талдау және смарт-жүйелерді енгізу бағыттарын талқылады. Мұндай қадамдар сапарды барынша қауіпсіз әрі ыңғайлы етіп, Қазақстанның халықаралық туристік беделін арттыруға ықпал етпек.