Қарағанды облысында «Next Urpag» жастар лагері өз жұмысын бастады. Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма ұйымдастырған жоба белсенді және әлеуметтік тұрғыда белсенділігі төмен жастарды қолдауға, олардың өзін-өзі дамытуына жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған.