Қарағанды облысында сотта қаралатын істердің 11 пайызы ғана мемлекеттік тілде жүргізіледі. Көңіл көншітпейтін статистика Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні мен Тілдер күніне арналған дөңгелек үстел барысында талқыланды. Облыстық сотта қазақ тілінің сот ісіндегі рөлін күшейту мәселесі қаралды. Жұмыс Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде жүргізілуде. Онда сот жүйесін жетілдіруге және мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру назарға алынған.