Қарағанды облысында еріктілер қозғалысы қарқын алып келеді. Тұрғындар қайырымдылықпен айналысып, экологияны сақтауға, қоғамға пайдалы іс-шараларға белсене атсалысуда. Бүгінде 5 мыңнан астам белсенді азамат 72 қайырымдылық ұйымның құрамында. Олардың басым бөлігі – жастар.