Ең алғашқы ат әбзелдері шамалы 4-5 мың жыл бұрын ойлап табылған. Қарағанды облысының Матақ ауылында көшпелілердің атадан-балаға мұра болған бұл өнерін жаңғыртып жүрген шебер бар. Мақсат Шәймұрат төрт түліктің терісінен ертұрман мен қамшының бірнеше түрін жасайды. Оның жасалу жолдарын ауылдастарына үйретіп жүр.