Өңіраралық ынтымақтастықты арттыру және өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында Астана қалалық мәслихатының депутаттары Қарағанды облысындағы «Saran» индустриялық аймағына барды. Сапар барысында өңірдегі ірі өндіріс орындарының жұмысымен танысты.