Қазақстанда «Жас кеңес сыйлығы-2025» жобасына іріктеу басталды. Сайыс ел экономикасы мен қоғам өмірінің маңызды салаларында көзге түскен жас мамандарды қолдауға бағытталған. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Динара Наумова брифингте баяндады.