Қарағанды қаласында Ұлттық домбыра күніне орай ерекше дәстүр жалғасын тапты. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері өңірдегі перзентханаға барды. Жас аналарды құттықтап, нәрестелерге ұлттық аспапты тарту етті.