Қарағанды облысы биыл 500 мың туристі қабылдауға дайын. Өңірде инфрақұрылым мен сервистік қызметті дамытуға ауқымды инвестиция тартылып жатыр. Сонымен қатар, жайлылық пен қауіпсіздік мәселесіне де айрықша көңіл бөлінеді. Негізгі басымдықтың бірі – Балқаш жағалауын дамыту болмақ. Себебі онда жыл сайын мыңдаған адам ағылып келіп жатады.