ҚР Парламент Сенатының депутаты Серік Өтешев пен облыстық мәслихат депутаттары Шет ауданына қарасты ауыл-аймақтарды аралап, ауылдық медициналық нысандардың жай-күйімен танысты. Сапар барысында депутат денсаулық сақтау мекемелерінің құрылыс қарқыны мен сапасына ерекше тоқталды.