Балқаш қаласындағы стратегиялық маңызы бар әуежайда күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінде құрылыс жұмыстарының алғашқы кезеңі аяқталып, бірқатар нысандар толық жаңартылған.Қазіргі таңда ұшу жолағы мен перрон толықтай бетонмен жабылды. Құрылысшылар енді әуежай ғимаратының ішкі-сыртқы келбетін жаңартуға кірісті.Толығырақ әріптесім Ботабек Маратұлы баяндайды.