Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қорғау мен білім беруде, мәдениет пен спортта мемлекеттік қолдау көрсетудің жаңа моделін сынақтан өткізуде. Ол үшін бірыңғай цифрлық платформа қолданылады. Бұл мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы, ашық етіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға көмектеседі.